Еңбекшіқазақ орта мектебінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді » Жетісу облысы Көксу ауданы Еңбекшіқазақ орта мектебі
Жетісу облысы
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Еңбекшіқазақ орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еңбекшіқазақ орта мектебінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді
02
сентябрь
2025

Еңбекшіқазақ орта мектебінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді

Еңбекшіқазақ орта мектебінде 2025 жылдың 2 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттары аясында педагогтер білімге деген ұмтылыс, патриотизм және еңбекқорлық, жаңа оқу жылында рухани құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастырып, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға тырысты.
Сынып сағатының шеңберінде ұлттық құндылықтардың, патриотизмнің, адалдықтың, адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылауға ерекше назар аударылды, Қазақстан Республикасынвң мемлекеттік рәміздері насихатталды, Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығы туралы айтылып, Ата заңымыз туралы оқушылардың білімдері пысықталды.
Сынып сағатында 10 минуттық қауіпсіздік сабақтары өткізілді. Қауіпсіздік сабақтары бекітілген күнтізбелік тақырыпқа сай өткізілді.
Сонымен қатар, бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейінің ескеріліп, балалардың жазғы демалыстан алған әсерлері талқыланып, мұражай, кітапхана ресурстары пайдаланылды, заманауи интерактивті технологиялар, қосымша көрнекі құралдар қолданылды.
https://www.instagram.com/p/DOF3_t8DA_E/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​