21
апрель
2023
« Функционалды сауаттылық – теориядан практикаға »
« Функционалды сауаттылық – теориядан практикаға » жобасының аясында 1 сынып мұғалімі Чудабаева Камар Мырзахметовна математика пәнінен « 11-ден 20-ға дейінгі сандар » тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығының мақсаты: бүгінгі күн талабына сай, жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, тұрақты қызығушылығы бар, алған білімді іс-әрекетте еркін қолдану дағдысы қалыптасқан тұлға қалыптастыру. Осы бағытта сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың математикалық сауаттылығын, қызығушылығын арттыратын тапсырмалар орындалды.