24
октябрь
2019
«Эко-сағат» акциясы өтті
Дана халқымыз «Бір тал кессең, он тал ек» деп, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға ерекше мән берген. Бүгінгі шара да сол игі дәстүрді жалғастырып, мектеп аулаларында жас көшеттерді егуге бағытталып отыр. Бұл бүгінгі ұрпақтың ғана емес, келер ұрпақтың игілігі үшін жасалып отырған маңызды қадам деп білемін.