18
октябрь
2019
Балпық бидің 325 жылдығы!
Жетісу өңірінде өмір сүріп, жау шапқанда қол бастаған, дау туғанда сөз бастаған атақты Балпық бидің 325 жылдығы.Тарихи тұлға - Жоңғар шапқыншылығы кезінде жауды ығыстырып, одан кейінгі қазақ елінің бірігуіне үлес қосуымен есте қалған әрі батыр әрі би. Баба рухына тағзым етіп, ерлігін ұрпаққа өнеге етуді парыз санаған жетісулықтар бидің 325 жылдық мерей тойын дүбірлетіп тойлауға кірісті. Қазақтың данагөй биі Балпық би Деріпсалыұлының - 325 жылдығы Көксу ауданының төрінде дүркіреп өтті. Шара аясында Балпық би атындағы демалыс алаңы пайдалануға беріліп, республикалық батагөй қариялардың сайысына ұласты. ¤
Дала данышпаны атанған Балпық бидің мерейтойы туған жерінде дүркіреп өтті. Баба есімін жаңғыртқан мерекелік шарада Балпық бабамыздың өмір жолы, өнегілі өмірі мен ел татулығын нығайтуға қосқан ерлігі айтылды. Мереке аясында біртуар тұлға рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
Дала данышпаны Балпық бидің туғанына - 325 жыл. Мерейтойлық шаралар ай бұрын басталған. "Балпық баба ізімен" тарихи -танымдық экспедициялар, ғылыми- тәжірибелік конференциялар өткені мәлім. Қорытынды басқосулар бүгін
- ертең Текелі, Талдықорған қалалары мен Көксу, Қаратал аудандарында жалғаспақ. Алдымен, ұлы бабаны ұлықтаған көпшілік Көксудағы ескерткішіне тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

{НАУРЫЗ ҚЫЛЫШБАЕВАЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ}
Жау шапқанда қол бастаған, дау туғанда сөз бастаған атақты Балпық би - тарихи тұлға. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел мен жер қорғаған. Саналы ғұмырында қазақ елінің береке-бірлігіне үлес қосқан. Ерекше бір қыры - баталы сөздері. Сондықтан, той шарасы аудандық мәденеит үйінде "Бата сөзі - ата сөзі" тақырыбында жалғасты. Ел өңірлерінен батагөй қариялар жиналып, өзара өре мен шешендік сынасты. Оған республиканың 4 облысы мен 2 қаласынан 13 ақсақал қатысты. Солардың бірі - Жетісулық Жақыпбек Самалтырұлы. Кербұлақ ауданының тумасы биыл наурыз айында Атырау қаласында өткен республикалық байқауда - 17 қатысушының ішінен бас жүлдені жеңіп алған болатын. 82 жастағы ақсақал баба тойында да өз даралығын танытты. ¤
{ЖАҚЫПБЕК САМАЛТЫРҰЛЫКЕРБҰЛАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ}
Көбінесе мен өзім шығарған батамды айтамын. Ал, негізінде жаттанды бата дейді.